Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Тоғызқұмалақтан турнир өтті

Тоғызқұмалақтан турнир өтті

Университетте жастар арасында тоғызқұмалақтан ашық турнир өтті. Оған өңірдегі жоғары оқу орындарынан 7 команда қатысты. Ойыншылар сайысқа дайындықпен келген. Арасында спорт шеберлері де бар. Мұндай жарыстарда қарсыластарына есе жібермейтін Азамат Қайдаров 4-ші кластан бастап ұлттық ойнауға әуестенген. Бүгінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Күніне 3 сағат тоғызқұмалақ ойнап, ақыл-ойын шыңдайды. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті де  ұлы ақынның сүйікті ойынын дамытып, әлемдік деңгейге жеткізуді көздейді. Әр жоғары оқу орнынан команда шақырып, өзара мықтыны анықтады. Студенттер арасында тоғызқұмалаққа деген қызығушылық артып келеді. Биыл университет қабырғасында арнайы кабинет ашылады.
Гүлия Айтуғанова

https://aktobetv.kz/kz/news/society/togyzkumalaktan-turnir-otti#