Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Студенттер үйде оқиды

Студенттер үйде оқиды

Студеттер ерте демалыс алды. Бұл коронавирустың алдын-алу шараларына жасалған қадам. Десекте олар сабақтарын онлайн жүйесі арқылы жалғастыратын болады. Құдайбергенов Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік универсисетінде бұрынғыдай у-шу жоқ. Тып-тыныш. Тек, компютерге үңілген оқытушылар отыр. Себебі олар елдеріне ерте қайтқан студенттерге онлайн жүйесі арқылы дәріс беруде. Қашықтан оқыту — жаңа тәжірибе емес. Бұл туралы Білім және ғылым минстрі Асхат Аймағамбетов «Жарты жылдан бері кейбір ЖОО part time жүйесіне көшкен. Ал колледждерде, басқа ЖОО-ларда платонус бар, Google, Classroom сияқты жүйелермен жұмысын жүргізе алады» — деген болатын. Біз болған Құдайберген Жұбанов атындағы мемлекеттік өңірлік универсисетінде лекциялық жұмыстар жіті ұйымдастырылған. Студенттердің қатысымын онлайн арқылы қарап отырады. Студенттер қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы аралық бақылау тапсырмаларын орындап жатыр. Оқу орнының ақпараттық порталындағы негізгі парақшасы мен базаларына лекциялар мен тапсырмалар туралы сілтемелер салынған. Оқытушылармен кері байланыс үшін элекронды пошталары да көрсетілген.

ДАРХАН МЕКТЕПБАЙ

http://aktobetv.kz/kz/news/society/studentter-uide-okidy