Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбелік студенттер қашықтықтан оқуды бастады

Ақтөбелік студенттер қашықтықтан оқуды бастады

Ақтөбедегі Жұбанов  университеті де қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті.

Бүгіннен бастап, барлық пәндер бойынша білім беру онлайн режимінде жүргізіле бастады. Бұл қауіпті кеселдің алдын-алу және одан сақтану үшін қолға алынған шара.  Он мыңнан астам студент білім алатын жоғарғы оқу орны – өңірдегі ең үлкен университеттердің бірі. Өзге аймақтан келген шәкірттері өткен сенбі және жексенбі күндері үйлеріне қайтқан. Олармен ғаламтор арқылы  байланыс орнатылған. Білім ошағында онлайн түрде сабақ беруден өзге, барлық пәндер бойынша осы аптаға арналған дәрістер ютуб каналына жүктелген. Бұдан бөлек, электронды нұсқадағы жүздеген лекция дайын.

Бибігүл Әбенова, Қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің проректоры:

— Қашықтықтан білім беру процесі басталды. Қазір, барлық факультеттегі сабақтар зум платформасы, телеграмм платформасы арқылы сонымен қатар, ютуб каналындағы жүктелген бейне дәрістер арқылы оқу процесі жүріп жатыр. Менің айтқым келетіні, тек қана бакалавриаттың студенттері ғана емес, сонымен қатар, магистратура және доктурантура білім алушылары да қазір осы жүйеде білім алуда.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/380923-a-t-belik-studentter-ashy-ty-tan-o-udy-bastady