Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Шетел тілдері факультетінің студенті жүлдемен оралды

Шетел тілдері факультетінің студенті жүлдемен оралды

Университетіміздің шетел тілдері факультетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенті Диана Трайзе кәсіби шығыс жекпе-жегі Ушумен айналысып, әртүрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, әрдайым жүлделі орындарға ие болып келеді. Ол 2008 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасы бойынша юниорлар мен ересектер арасындағы Ушудан абсолютті чемпионы болып табылады.

2017 жылдың қыркүйек айының 14-21 аралығында Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өткен Юниорлар арасындағы Ушудан 9-шы Азия чемпионатында екі мәрте үшінші орын иесі атанды.

Сонымен бірге, Қарағанды қаласында қыркүйектің 4-10 аралығында өткен Ересектер арасындағы Ушудан Қазақстан Республикасы кубогында екі мәрте бірінші орын иеленді.

Оған қоса, Диана Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында абсолютті чемпион атанды. Диананы жеңістерімен құттықтап, биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіреміз!