Четверг, Июнь 4, 2020
Басты > БАҚ біз туралы > Унверситет технологтары өз қызметкерлеріне антисептик әзірлеп жатыр

Унверситет технологтары өз қызметкерлеріне антисептик әзірлеп жатыр

Қауіпті вирус жұқтырмаудың ең қарапайым шарты — қолды дұрыс жуу және антисептиктерді пайдалану екендігі белгілі. Алайда дәріханаларда бүгінде антисептик секілді гигиена құралдары тапшы. Осы ретте Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жаратылыстану факультеті химия және химиялық технология кафедрасының өкілдері гигиена құралдарын қолдан жасауға кірісті.

Бұл туралы оқу орнының ресми сайтында жарияланды. «Аталған кафедра өкілдері ЖОО қызметкерлеріне антисептик дайындайды. Ерітіндіні сутегі тотығы, спирт, глицерин, хош иісті майлар сияқты қолжетімді заттардан әзірлейді. Кафедра меңгерушісі Айнагүл Апендинаның айтуынша, мұндай гигиеналық ерітіндімен университеттің барлық оқу және әкімшілік ғимараттары қамтылады. Мұндай антисептикті әркім өзі әзірлеп алуына да болады», — деп жазылған сайтта.

 

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ

 

https://aqtobegazeti.kz/?p=84770