Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > 1-курс студенттері арасында Спартакиада басталды

1-курс студенттері арасында Спартакиада басталды

2017 жылдың 9 қазанында Жұбанов Университетінде жыл сайын дәстүрлі өткізілетін 1-курс студенттері арасындағы Спартакиада өз бастауын алды.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне университеттің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Жайнагүл Қартбаева, Кәсіби-шығармашылық факультет деканы Сабыржан Мұхтаров, Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Төлеген Ботағариев және спортклуб төрағасы  Әбілғазы Құлмағамбетов қатысты.

Салтанатты рәсімде сөз алған әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Жайнагүл Қартбаева 2 айға жуық уақытқа созылатын Спартакиада жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, факультет деканы Сабыржан Мұхтаров пен кафедра меңгерушісі Төлеген Ботағариев жастар арасында спортты дамытуда мұндай шаралардың өткізілуі орынды екендігін алға тартып, жастарға сәтті ойын көрсетулеріне тілектестік білдірді.

Аталмыш спорттық шара Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналады. 1-курс студенттерінен құралған қатысушы командалар спорттың 8 түрінен, атап айтар болсақ, волейбол, баскетбол (ер және қыздар арасында), шағын-футбол, шахмат, атыс, үстел теннисі, кросс және тоғызқұмалақтан командалық есепте бақ сынайтын болады.

Командаларға сәттілік тілейміз!