Пятница, Май 29, 2020
Басты > Жаңалықтар > ЖОО сайтындағы өзгерістер онлайн-конференцияда талқыланды

ЖОО сайтындағы өзгерістер онлайн-конференцияда талқыланды

Бүгін Жұбанов университетінің қызметкерлері арасында www.arsu.kz веб-сайтындағы өзгерістер туралы онлайн-конференция өтті.
Аталмыш конференцияға факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы, кафедра меңгерушілері және университеттің Mедиа орталығының қызметкерлері қатысты.

Онлайн-конференция барысында университеттің факультеттерінде жаңалықтар енгізу туралы сұрақтар талқыланды. Онда факультет жаңалықтары, олардың YouTube арналары мен әлеуметтік желілердегі парақшаларының сілтемелері болады. Бұл жаңалықтарды қолданушылар үшін ақпаратты іздеуді одан әрі жеңілдетеді. Сондай-ақ, талапкерлер мен студенттерге, оқытушыларға қажетті мәліметтерді тез таратуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, алдағы уақытта университет бөлімдерінің басшыларымен және қызметкерлерімен онлайн-конференциялар өткізу жоспарланып отыр.