Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Онлайн форматта ғылым апталығы басталды

Онлайн форматта ғылым апталығы басталды

Бүгін Жұбанов университетінде дәстүрлі Ғылым апталығы басталды. Аталған шара биыл онлайн форматта өткізіліп отыр.
Дәстүрге айналған бұл шараға ғылыми-зерттеулерге қызығушылық танытатын студенттерден бөлек, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын барлық жұбановшылар қатыса алады.

Ғылым апталығы аясында «Жастар, ғылым және инновация» атты XVI ғылыми-тәжірибелік конференция 8 секция бойынша өткізіліп, «Жыл үздігі»  номинациялары бойынша үздіктер анықталады. Сондай-ақ, университетішілік жас ғалымдарға арналған гранттық жобалар байқауының қорытындысы жарияланады.