Четверг, Май 28, 2020
Басты > Жаңалықтар > Шетелде білім алу жолдары туралы баяндайды

Шетелде білім алу жолдары туралы баяндайды

Шетелде  оқып жатқан және шетелде білім алғысы келетін студенттердің назарына!

2020 жылдың 6 сәуірі күні  сағат 19:00-де Жұбанов университетінің халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Шоқым Гүлжан Тыныштықбайқызы  zhubanov_icc инстаграм парақшасы арқылы  тікелей байланысқа шығады.

Тікелей байланыста орталық директоры халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы, қосдипломдық білім беру бағдарламасы, халықаралық білім гранттары бойынша сауалдарға жауап береді.

Сондай-ақ,  орталық басшысы мен жауапты мамандарға қоятын сұрақтарыңыз болса, жоғарыда көрсетілген парақша арқылы жауап алуға мүмкіндіктеріңіз бар.
Біз сіздерді тікелей байланыста күтеміз!