Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Облыстық олимпиаданың қорытындысы

Облыстық олимпиаданың қорытындысы

Жұбанов университетінде мектеп оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен облыстық пәндік олимпиада өтті.

Филология факультетінің орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы ұйымдастырған олимпиадаға Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының 27 оқушысы қатысты.

Ауызша және жазбаша турлардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша:

I дәрежелі диплом — Джабраилова Азар (95 балл),

II дәрежелі диплом — Сарсенова Дарья (93 балл),

ІІІ дәрежелі диплом — Бердібаева Диана (91 балл).

«Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша:

I дәрежелі диплом — Қожағұлов Алмат (95 балл),

II дәрежелі диплом — Нұралина Әсемгүл (92 балл),

III дәрежелі диплом — Әлішер Алтай (90 балл).

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!