Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тікелей эфир тынысы

Тікелей эфир тынысы

Дүйсенбінің кешінде Жұбанов университетінің халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Гүлжан Шоқым инстаграм желісінің тікелей эфирі арқылы студенттермен сұхбаттасқан болатын.

Тікелей эфир арқылы ата-аналар да тікелей байланысқа шығып, университет басшылығына, ұжымына алғыстарын білдіріп жатты. Көрермендердің басымы аталмыш орталықтың инстаграм парақшасына тіркелген көрермендер, шетелде білім жатқан және шетелде білім алғысы келетін оқу үздіктері мен талантты жастар болды. Олардың сұрақтарының мазмұны да елдкгі төтенше жағдайдан кейінгі шетелде білім алудың мүмкіндігі, шетелде оқу үшін конкурсқа қатысу талаптары, құжат қабылдау шарттары, халықаралық ынтымақтастық аясында ұсынылатын гранттық бағдарламалар меншетел тілдерін үйрету курстары жайын білуге бағытталды. Елге оралған бірқатар білім алушылар халықаралық академиялық ұтқырлық, қосдипломды білім беру бағдарламаларының әрі қарай жалғастыруға ниетті екендігін білдіріп, әлемді шарпыған төтенше жағдайдың қалыпты жағдайға ауысатынына сенім білдірді. Шетелде оқып келген бірқатар студенттер де өз жетістіктерімен бөлісіп, қайта шығудың мүмкіндіктерін сұрады.Бұл ретте айта кетейік, үстіміздегі жылдың наурыз айында шетелге шығатын білім алушылар да бар болатын. Олар да академиялық ұтқырлық бағдарламасын келесі семестрге ауыстырып беру жайын сұрап, алаңдайтындарын жеткізді.

— Университеттің халықаралық ынтымақтастық қызметі стратегиялық бағытын шетелдегі серіктестермен бірлесе отырып межелегендіктен, мерзімдік үзілістерге қарамастан алдағы уақыттармен еншілестіріп отырады. Инстаграм көрермендерінің сұрақтарына жауап беру барысында да берік тұғырлы, нық сенімді шетелдік серіктестерімізбен бастаған істерімізді жалғастыруға ниетті екендігімізді жеткізуге тырыстық, — дейді орталық директоры.