Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тоғызқұмалақ ойынының жеңімпаздары анықталды

Тоғызқұмалақ ойынының жеңімпаздары анықталды

2017 жылғы 7 қазанда  4 мың жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ұлттық ойынымыз бойынша облыстық деңгейде өткізілген сайысқа Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультетінің «қазақ филологиясы» мамандығының 101-топ студенттері қатысып, жүлдемен оралды. Атап айтар болсақ, Гүлшат Серікова 1-орын, Жанна Жұмабекова 2-орын, Аружан Ермағамбетова мен Айнура Курбанова 3-орынға ие болды.

Жеңімпаз студенттерімізді жүлделі орындарымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!