Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жобаны онлайн форматта жалғастырады

Жобаны онлайн форматта жалғастырады

Университеттің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің Жастар ісі жөніндегі комитеті Zhubanov University топ басшыларымен «ProActiveTime.Version 0.2» жобасын онлайн форматында жалғастырады.

ProActive Time – топ басшыларымен сұхбаттасуға, оларға күнделікті өмірде тиімді әрекет ету қабілетін, оның талабы мен өзгерістеріне сай болу дағдыларына машықтандыруға арналған жоба.

Аталмыш жобаның мақсаты — өзекті мәселелерді анықтау, олардың оқшаулану кезіндегі күнделікті өмірлері туралы еркін форматта диалог құру, студенттік өзін-өзі басқарудағы топ басшының рөлін жетілдіру, студенттердің бойындағы өмірлік маңызы бар дағдыларын шыңдау.

Топ басшыларымен кездесу төмендегідей:
16 сәуір 2020 жыл — Жаратылыстану факультеті;
17 сәуір 2020 жыл — Экономика және құқық факультеті;
18 сәуір 2020 жыл — Тарих факультеті;
19 сәуір 2020 жыл — Филология факультеті;
20 сәуір 2020 — Физика-математика факультеті;
21 сәуір 2020 жыл — Техникалық факультеті;
22 сәуір 2020 жыл — Педагогика факультеті;
23 сәуір 2020 жыл — Жоғары колледж;
24 сәуір 2020 жыл — Кәсіби-шығармашылық факультеті.