Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім бағыты бойынша ТҮЛЕК-2020 шарасы қорытындыланды

Білім бағыты бойынша ТҮЛЕК-2020 шарасы қорытындыланды

Жұбанов университетінде Ақтөбе облыстық білім беру ұйымдарының сұраныстарына сай бітірушілерді жұмыс орындарына алдын-ала бөлу мақсатында ТҮЛЕК-2020 атты шарасы онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы өткізілді.

Аталған шараға Ақтөбе облыстық білім басқармасы, Ақтөбе қалалық білім бөлімі, аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен кадр мамандары және білім беру процесін ұйымдастыру департаменті директоры, факультет декандары, топ кураторлары, кафедра меңгерушілері, бітіруші түлектер – 6 факультет бойынша 600-ге жуық студент қатысты.

Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Бибігүл Сейілқызы шара рәсімін ашып, мақсаты мен жүргізілу барысына тоқталып, жұмыс барысын басқарып отырды.
2019-2020 оқу жылында университетті педагогикалық мамандықтар бойынша 607 түлек бітіргелі отыр. Оның ішінде «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша 79 түлек, 71 түлек жалпы конкурс негізіндегі мемлекеттік білім гранты, 38-і ауылдық квота негізіндегі мемлекеттік білім грант иегерлері.

Түлектерді алдын-ала жұмыс орындарына бөлу «Ақтөбе облыстық білім басқармасының педагог кадрларға сұранысы» негізінде өткізіледі. Аталған сұранысқа сәйкес жаңа оқу жылына жас мамандарға қажеттілік 636 орынды құрап отыр.

Шара соңында қатысушылармен бірге толғандырған сұрақтарын қойып, облыстық, аудандық білім бөлім басшылары тарапынан болашақта жұмысқа қабылданатын бітірушілерге жеке сұраныс беру мүмкіндігі қарастырылды.