Вторник, Май 26, 2020
Басты > Жастар саясаты > Еріктілер қатарына қосылуға шақырады

Еріктілер қатарына қосылуға шақырады

ProActive академиясының еріктілер мектебі өз қызметін қашықтан жүзеге асыру форматында жалғастырып жатыр.

Бұл ретте айта кетейік, осы уақытқа дейін еріктілер мектебі offline форматта 70-тен астам еріктілерді және 60-тан астам клуб жектешілерін үйретіп сертификат табыстаған болатын.
— Қазіргі жағдайға қарамастан біз бұл межеден де асу ойымызда бар. Біз қашан да волонтерлікті насихаттауды тоқтатпаймыз,- дейді ұйымдастырушылар.

Егерде қазіргі заманға сай еріктілер қатарында болып, алғышарттарын білгіңіз келсе, сондай-ақ «Еріктілер жылында» қандай мүмкіндіктер болатынын білгіңіз келсе Еріктілер мектебі сіздермен жұмыс жасауға дайын.

Ол үшін төмендегі сілтеме арқылы тіркелесіз: https://forms.gle/GP662r6gFNVRBDih9