Вторник, Март 19, 2024
Басты > Білім > Қашықтан оқытуға арналған халықаралық вебинар

Қашықтан оқытуға арналған халықаралық вебинар

23 сәуір күні сағат 13:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі қашықтан оқытудың жаңа платформалары мен инновациялық форматтары: шетелдік тәжірибе» тақырыбында вебинар өтеді.

Вебинарда Польша, Башқұртстан және Ақтөбе ғалымдары жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде MS Team платформасында қашықтан оқыту мүмкіндіктерін талқылайды. Сондай-ақ, Moodle платформасында қашықтан оқыту, магистратура бойынша емтихан тапсыруға дайындық, Жұбанов университетінде магистрлік диссертациялар мен дипломдық жобаларды қорғаудың инновациялық форматтарының мүмкіндіктері туралы айтылады.