Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > «Жұбанов өз үйім» пікірсайысшылары ұсынған онлайн тест

«Жұбанов өз үйім» пікірсайысшылары ұсынған онлайн тест

2020 жылдың сәуір айының 15-нен бастап Жұбанов университетінің оқытушылары, студенттері мен түлектері арасында лингвист-ғалым Құдайберген Жұбановтың өмірі, еңбек жолы мен университет тарихы туралы қатысушылардың білімдерін жетілдіруге, білімнің қара шаңырағына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Жұбанов өз үйім» атты онлайн тест ұйымдастырылды.

Бұл тест аталған оқу ордасының 85 жылдық мерейтойына арналған «Заман Біздікi» ИЭО пікірсайысшыларының тартуы болатын.

Тестте Құдайберген Жұбановтың білім алған ортасы, еңбек жолы және университеттің құрылған жылдары, оқу ордасын басқарған алғашқы басшылар жайында сұрақтар жинақталып, университеттің соңғы жетістіктері туралы сұрақтар қамтылған.

Тесттің алғашқы күнінде 300-ге жуық адам өтсе, әлеуметтік желілерде университет түлектері арасында челленджге айналып үлгерді.

Тест келесі сілтемеде: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeobFNxZAwir5pFxbGe0vN8BWQSL4JaSe1E_pBjVMW1PMZUWg/viewform?embedded=true