Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер белгілі дизайнермен кездеседі

Студенттер белгілі дизайнермен кездеседі

23 сәуір күні сағат 17:00-де Жұбанов университетінің Стартап академиясы қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділовамен тікелей эфир ұйымдастырады.

Тікелей байланыста «Құралай» сән үйінің негізін қалаушысы және жетекшісі студенттерімен бизнесті нөлден бастап, бизнесті әрі қарай қалай дамыту керектігі туралы әңгімелейді.

Айта кетейік, Құралай Нұрқаділова — қазақстандық дизайнер, суретші, стилист, «Құралай» сән үйінің басшысы. Бейжің олимпиадасы мен Лондон олимпиадасы қарсаңында спортшылардың парадтық киімдерін тіккен болатын.