Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми-практикалық семинар өтті

Ғылыми-практикалық семинар өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Педагогика және психология мамандығының 1-2 курс  магистранттарының қатысуымен «Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы — шығармашылық тұлға қалыптасуының басты шарты» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.

Ғылыми-практикалық семинарды педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлапара Жукенова ұйымдастырды.

Педагогика және психология мамандығының 2-курс магистранттары М.А.Аманжол мен К.М.Кеншілікова баяндамаларын талдау барысында магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, баяндамашыларға тыңдаушы тараптан сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды.

Сөз соңында доцент Гүлпара Балтабайқызы: «Ғылыми-зерттеу жұмысы — магистранттар үшін маңызды, жауапты, қызығушылығы мол еңбекті қажет ететін жұмыстардың бірі.  Әрбір ғылыми-зерттеу жұмысының құрылымына көңіл бөлініп, бастапқы мақсаттарын айқындау керек», — деді.

Семинар нәтижесінде  жиналғандар магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелілігі ізденістерімен, шығармашылық қабілеттеріне байланысты деген тоқтамға келді.