Вторник, Май 26, 2020
Басты > Жаңалықтар > QS — шежірелі университеттің ғаламдық биіктігіне апарар жол

QS — шежірелі университеттің ғаламдық биіктігіне апарар жол

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 85 жылдық тарихы мен дәстүрін шежірелі мұра етіп, заман ағымымен жаңғырып, жаңарып келе жатқан білім-ғылым ордасы.

Бүгінгі күннің келбетін бетке ұстап, қанаттанып, талаптанып әлемдік рейтинг QS бағамдық додасына еніп, ғаламдық биіктікке көтерілер жолды таңдап алды.
Әрине, ғаламдық биіктіктің өз өлшемдері бар: жылма-жыл әлем бойынша үздік 500, үздік 700 университеттермен қатарласа тұратын білім сапасы мен ғылым нәтижесі болуы басты қағидат. Оның бер жағында біздің университетте оқуды таңдаған шетелдік студенттер мен біздің ғалымдарымызбен тәжірибе алмасуға ниетті шетелдік профессорлардың көп келуі даңғыл жолда жүйткейтініңе сенімділік береді.

Көздеген соңғы екі жыл ішінде 900-ден аса шетел азаматтары оқуға түсті, 1000-нан аса сарапшылар білім сапасына бағалап бастады, жоғары импакт факторлы журналдарда жарияланымдар саны арта түсті, 70-ке жуық шетелдік профессорлар келіп, ортамызды толтырды.

Өткен аптада Ұлыбританиядағы QS кеңсеcінен «Бәсекелестікті қалыптастыру және үздіксіз халықаралық бенчмаркинг» тақырыбында онлайн вебинар өткізген сарапшы Шади Хизажи сараптамалық қорытындысында университетіміздің білім сапасын басқару,
өндіріс пен инновация, интернационализация, ғылыми мәдениет қалыптастыру, инфрақұрылымды дамыту бойынша әлемдік озық тәжірибе: жалпы бенчмаркинг талданды, ұсыныстар айтылды.

Қазір Жұбанов университеті QS әлемдік рейтингінде үздік 500-ге енетін 8 университетпен өзара ынтымақтаса отырып, ортақ белдеулерін белгіледі. Ағылшын тілінде оқытатын білім беру бағдарламаларын енгізді, цифрландыру жүйесін күшейтті. Бұл — ғаламдық биіктіктің өзара тәжірибелік ортасы.