Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > ЖОО кейінгі қашықтықтан білім берудегі жаңа платформалар

ЖОО кейінгі қашықтықтан білім берудегі жаңа платформалар

Жұбанов университетінің «Жоғары оқу орнынан кейінгі қашықтықтан білім берудегі жаңа платформалар және инновациялық форматтар: шетелдік тәжірибе» тақырыбында вебинар өткізді.

Айтулы шарада университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров алғы сөз алып, баяндамалардың өзектілігі туралы баяндап берді.

Вебинарда негізгі 4 баяндама жасалды. Шетелдік серіктес ЖОО-ның әріптестер Гданьск университетінің профессоры PhD Adam-Jagiello Rusilowski, Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік басқарма басшысы Марина Колоцей Марина, білім сапасын басқару бойынша оқу-әдістемелік бөлімнің басшысы Дарья Шпак қазіргі төтенше жағдайында орын алған қашықтан оқыту жүйесі кезіндегі қолданатын платформалар және олардың мүмкіндіктері туралы баяндады.

Атап айтар болсақ, Жұбанов университеті 2013 жылдан бері Гданьск университетімен академиялық ұтқырлық бойынша байланыста, ал Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетімен 2017 жылдан бастап Беларусь – Қазақстандық консорциум шеңберінде жұмыс атқаруда.

Вебинарда Жұбанов университетінің «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми орталығының директоры Людмила Мясникова Людмила магистранттарға, оқытушыларға ғылыми зерттеулер негізімен таныстырды. Сонымен қатар ScienceDirect, Web of Science, ORCID және Publons ғылыми базаларымен жұмыс жасауды түсіндірді.

Одан кейін университеттің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Жантурина әлемдегі магистрлік жобаларды қорғаудың өзгеше форматтары туралы айтып өтті. Өз баяндамасында видепрезентация дайындау, TEDх форматын болашақта университетте енгізуге мүмкіндігі бар екендігі туралы әңгімеледі. Дәстүрлі Power Point бағдарламасында презентация жасаудан бөлек, интерактивті видеоларды, презентацияларды жасау үшін ресурстар тізімін келтірді.

Вебинардың видеотүсірілімін https://ru.files.fm/u/tnh2h6xr сілтемесі арқылы көре аласыздар.