Вторник, Май 26, 2020
Басты > Жаңалықтар > Тәжірибесімен бөлісті

Тәжірибесімен бөлісті

Жұбанов университетінің 85 жылдық мерейтойына орай «География және туризм» кафедрасының ұйымдастыруымен «Біздің түлектер — біздің мақтанышымыз!» тақырыбында Гүлсім Надировамен онлайн- кездесу өттi.

Онлайн-кездесу барысында Гүлсім Надирова оқу ордасын 85жылдық мерейтойымен құттықтап, ұстаздарына алғысын білдірді.

Надирова Гүлсім Құрманбайқызы — «География» мамандығының 2009 жылғы түлегі, Республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы, «Әлем мұғалімі» байқауының номинанты.

Кәсіби жетістіктері: «География» пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасының 1 орын иегері, облыстық «Педагогикалық идеялар» бейнесабақтар байқауының 1 орын иегері, Маңғыстау облысы әкімінің «Жастар сыйлығы» байқауының «Жас мұғалім» номинациясында Гран-при иегері, «Үздік мұғалім — 2019» аудандық байқауының Гран-при иегері. Сондай-ақ, Гүлсім Құрманбайқызы республикалық 178 педагог бақ сынаған сайыста 64 педагогтің бірі болып «Үздік педагог — 2019» атанды және 64 педагогтің ішінде Әлия Назарбаеваның фонды іріктеген Қазақстанның 10 үздік педагогінің қатарына ілігіп, қазіргі таңда 2020 жылы Дубай қаласында өтетін «Әлем мұғалімі» байқауына жолдама алды.

Онлайн-кездесуде университет түлегі дарынды жастардың ізденістеріне, шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға үлес қосу басты мақсаты екендігін жеткізді. Онлайн-кездесу барысында Г.Надирова шығармашылық жетістікке жету жолдары туралы әңгімелеп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.