Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Қай заманда да індеттен айығудың жолы бір

Қай заманда да індеттен айығудың жолы бір

Бүгін әлемнің барлығы коронавирус індетімен күресіп, одан айығу жолдарын іздеп әлек. Жалпы адамзат өз тарихында мұндай қауіпті эпидемиямен алғашқы рет кезігіп тұрған жоқ. Миллиондаған адам инфекциялық аурулардан көз жұмғаны тарихтан белгілі. Мұндай адам өмірін жалмап алатын қауіпті вирустен құтылудың бір жолы — оқшаулану. Мұны ежелгі медицина мамандары дәлелдеп кеткен. Соғыс, табиғат апатынан бөлек, миллиондаған халық індеттен қырылған. Әр ғасырда адамзат өміріне бір алапат індет айналып соғып отырады екен. Мәселен, 1720 жылы — оба, 1820 жылы — тырысқақ, 1920 жылы — испан тұмауы, 2020 жылы — коронавирус. Әр пандемия 100 мың адамның өмірін жалмады. Оған қарсы дәрі-дәрмек те табылмады. Медицина дамыған 21 ғасырда да қауіпті вируспен күресу мүмкін болмай тұр. Қай заманда да эпидемияны таратпау маңызды болды. Оның бір-ақ жолы — күтіну, сақтану. Әлемге әйгілі дәрігер-ғалым Ибн Синаның өзі үйде отыру қажет екенін айтып, насихаттап кеткен. Алайда, қазіргі жағдайда халық мұның маңызын әлі түсінбей жатыр. Көшеде толассыз көлік ағыны тоқтаған жоқ. Бейсауыт жүрген адам көп. Қауіпті пандемияның таралуына жол бермей үйде отырудың маңызы,-зор екенін медицина мамандары күн сайын еске салады. Қауіпті індет өзге атаумен қайта айналып келгенмен одан айығудың жолы бір.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

https://aktobetv.kz/kz/news/society/kai-zamanda-da-indetten-aiygudyn-zholy-bir-1

https://youtu.be/L7Y0mk7zQVg