Вторник, Май 26, 2020
Басты > Жастар саясаты > Студенттер Президент мәлімдемесіне пікір білдірді

Студенттер Президент мәлімдемесіне пікір білдірді

Бітімбай Исламбек,

 Жұбанов университетінің

“Заман біздікі” интеллектуалды элиталар одағының президенті,

экономика және құқық факультетінің

2-курс студенті

 

Қазір бәріміз күрделі ахуалды бастан өткеріп жатырмыз. Біз Жұбановшылар, барынша үйде отырып аурудың алдын алу шараларын қолданып, Мемлекет басшының жасаған мәлімдемесін қолдаймыз.

ҚР Президенті мәлімдемесінде «Жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді. Ел тұрғындарын бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын» — деді.

Әлемдік пандемия жағдайында өмір қауіпсіздігін жақсарту мақсатында еліміздің жалпы білім беру ұйымдары оқытудың қашықтан оқыту режиміне көшірілгені белгілі. Бұл ретте біз  Жұбанов универсиетіндегі қашықтан оқу жүйесіне бейімделіп, сабақтарымызды толық, уақытылы оқып жатырмыз. Төтенше жағдайға қарамастан өзімнің мамандығым бойынша жүргізіліп жатқан сабақтардың барлығы қызықты өтіп жатыр. Бүгінгі күні қашықтан оқу арқылы пәндерге деген қызығушылық артып, мамандықты мүмкіндігінше жетік меңгеріп жатырмыз.

Біздің университетіміз бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда барлық жағдайларды жасап жатыр. Біз үйде оқумен қатар әр түрлі конференциялар, челлендждер, онлайн концерттер мен онлайн курстарға қатысып, өз уақытымызды тиімді өткізудеміз. Уақытымыздың көп бөлігін білімге арнап, тәжірибелік дағдыларын қалыптастырудамыз.

Біз бұл індетті жеңеміз. Бірақ дәл қазіргідей қиын кезеңде біз ең алдымен денсаулығымызды қадағалап, барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауымыз керек!