Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Академиялық ұтқырлық. Ұтқыр студентке-ұтымды бағдарлама

Академиялық ұтқырлық. Ұтқыр студентке-ұтымды бағдарлама

Шетелде білім алып келген студенттер — Жұбанов университетінің абыройы.
Жыл сайын шетелдегі серіктес университеттерге барып мамандығы бойынша кәсіби білімін жетілдіріп келуге ынталы студенттер қатары артып келеді.
Соңғы 3 жыл көлемінде 400-ге жуық студенттер мен магистранттар Америка, Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Польша, Түркия, Литва, Латвия, Ресей, Белоруссияның беделді жоғары оқу орындарында білімін шыңдады.
Осы жылы да 100-ден аса студенттеріміз шетелдік университеттерде оқып келді. Бірқатары қазіргі жағдаймен байланысты қашықтықтан оқу режиміне ауысып елге оралды.
Дәстүр бойынша шетелдегі оқуын толық тәмамдаған студенттеріміз академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыған, көрген, таныған, түйсінген ой-пікірлерін ортаға салып, жаңа жобаларын ұсынады.
Бүгін де осындай жастар танымындағы шетелде білім алу жобасының ұтымды нәтижелері паш етілді.