Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мемлекет — үлкен отбасы

Мемлекет — үлкен отбасы

Жұбанов университетінде ZOOM платформасында 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Мемлекет — үлкен отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш шараны Әлеуметтік мәселелер жəне жастар саясаты департаменті мен жаратылыстану факультеті бірлесе ұйымдастырды.

Еліміздің түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау күні «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамының орны ерекше.

Дөңгелек үстелді Әлеуметтік жəне тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұржан Бердыбаев құттықтау сөзімен ашты.

Жиынға қатысқан Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Қарлығаш Сатыбалдина, жаратылыстану факультетінің деканы Мұрат Махамбетов, «Ақтөбе облысы əкімінің аппараты «ММ Қоғамдық келісім» КММ сарапшы маман, білім саласының ардагері Түлкібай Сапаров, «Қазақстан халқы Ассамблеясы жəне əлеуметтік-саяси пəндер» кафедрасының меңгерушісі Үмбетқан Сəрсембин, философия ғылымдарының кандидаты Дмитрий Мацюк және Ақтөбе қаласының «Шатлық» татар-башқұрт этно-мəдени орталығының «Мирас» жастар қанатының мүшесі Р.Исхакова тұшымды ойларын ортаға салды.

Шараны жаратылыстану факультетінің 2-курс студенті Азамат Сұлтанəлі авторлық «Арнау» әнімен аяқтады.