Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Республикалық онлайн-вебинар

Республикалық онлайн-вебинар

Жұбанов университетінің 85 жылдық мерейтойына орай жаратылыстану факультеті мен  Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен кураторларға әдістемелік көмек беру мақсатында «Қашықтан оқытудағы студенттердің әлеуметтенуі: тәжірибелері мен мүмкіндіктері» атты республикалық онлайн-вебинар өтті.

ZOOM онлайн-конференция платформасында ұйымдастырылған вебинарға жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамы мен студенттерінен 100-ге жуық тыңдаушы қатысты.

Вебинарда Жұбанов университетінің жаратылыстану факультетінің деканы Мұрат Махамбетов «Қашықтан оқу жағдайында ЖОО студенттерінің әлеуметтенуі» тақырыбында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті  Алия Мамбеталина  «Поддержание психологического здоровья обучающихся и преподавателей университета в период кризиса» тақырыбында  және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Гаухар Байташева «Қоршаған ортаны қорғауды мәдени ақпарат құралдары арқылы мотивициялау» тақырыбында баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, вебинарда Аркалық мемлекеттік педагогикалық институтының,  Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің, Атырау энергетика және құрылыс колледжінің ғалымдары да өз тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинар қорытындысында жоғары оқу орнынан қатысқан спикерлер мен қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ауқымды шараны ұйымдастырған Жұбанов университетінің ұжымына алғыстарын жеткізді.