Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім ордасын мерейтойымен құттықтады

Білім ордасын мерейтойымен құттықтады

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов жоғары білім беру жүйесінде жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамытудағы Жұбанов университетінің рөлін айрықша атап өтіп, басшылықты оқу ордасының 85 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылында қос тарап ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойып, нақты жоспарлар бекітілген болатын. Бұл құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен әкімшілік кедергілерді азайту, сапасын арттыру, консультациялар беру, дөңгелек үстелдер мен тақырыптық жиындар (зерттеулер, семинарлар, конференциялар және т.б.) өткізу мәселелері қамтылған. Аталған бағыттар бойынша жұмыстар болашақта өз жалғасын тауып, қарым-қатынасымыз тек нығая түспек.