Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Көшірілген өндіріс

Көшірілген өндіріс

Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыста кеңес әскерінің арсеналы болды. Фашистік Германия КСРО-ның батыс аудандарын басып алған соң, 1941-1945 жылдары Сібір мен Қазақстан негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. Шығысқа қарай ззауыттардың құрал-жабдығы мен жұмысшылар көшірілді. Сіз бен біз жиі барып жүрген сауда үйі мен жоғары оқу орындар бір кездері әскери бағытта қолданылған біле сіз бе? Әріптесім Ерлан Мұқанның 70 жыл бұрын жұмысын бастаған зауыттар мен өндіріс орындары туралы тарқатады. 1941 жылдың маусымында басталған соғыс барлық елдің эконоимикасын өгертті. Сол кездегі КСРО халық комиссариятының және ВКП орталық комитетінің қауылысымен «Әскери-шаруашылық» жоспары құрылды. Қазақстан, Сібір және Орта Азияға тірек зауыттар мен кәсіпорындар көшірілді. Мемлекет алдында бір-ақ міндет болды.  Соның ішінде Ақтөбе жеріне 9 зауыт көшірілген. Ең бірінші 1930 жылы құрылған «Мосрентген» зауыты болды. Мемлкеттік құпия тапсырысымен жұмыс істейтіндіктен нысанның атауы нөмірмен белгіленді. Соғыс біткен соң «Ақтөберентген» аталды. Нысан қазіргі — «Арай» сауда үйі. Мұнда мыңдаған гектарды талқандайтын жарылғыш заттар жасалды.
Бұдан өзге Мәскеуден Ақтөбеге «Большевик» артелі — қазіргі Селмаш зауыты, Жайсаңға танк жөндеу базасы орналастырылды. Харьков жылу-электр жобасы, Мәскеуден жүн иіру кәсіпорны Ақтөбе қаласына жеткізілсе, Жұрын стансасына экскаватор шеберханасы, Бершүгір стансасына қиыршық тас зауыты, Жайсаңға танк жөндеу базасы орналастырылды. Шаһардың шетіндегі өндіріс аумағында тұтқындарды ұстайтын лагер болған. Зауыттар көшірілген уақытта Ақтөбе жеріне 20 мың адам келген. Оның 9 мыңы жұмысқа жарамды. Қалғандары қарттар мен білікті мамандардың отбасы. Бұл бір жағынан біздің елге пайда болды. Өйткені бір кездері орталықта ғылыми жаңалық ашқан ғалымдар осы 9 кәсіпорында жұмыс істеді. Облысқа өнеркәсіптік нысаннан бөлек, әскери госпитальдер мен жауынгер дайындайтын учелищелер, халықтық театр көшірілді. Соғыс кезінде қару жасаған нысандар қазір ел игілігі үшін жұмыс істеп тұр.

 

Ерлан Мұқан

https://aktobetv.kz/kz/news/society/koshirilgen-ondiris