Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті өз түлектері үшін сандық еңбек биржасын ашты

Жұбанов университеті өз түлектері үшін сандық еңбек биржасын ашты

Жұбанов университеті   Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып  түлектер мен жұмыс берушілер үшін сандық жәрмеңке ашты.

Жаңа онлайн-платформаның басты мақсаты — қарапайым және жылдам әдіс арқылы бакалавриат пен магистратура түлектерін жұмысқа орналастыру.

Аталған университеттің электронды еңбек биржасына тіркелу арқылы түлектер өз түйіндемесін жіберу арқылы бос жұмыс орындары туралы ақпаратты біле алады.   Жаңа қызмет бос жұмыс орындарын жариялай алатын, әлеуетті қызметкер туралы мәліметтерді көре алатын, жастарды әңгімелесуге шақыра алатын жұмыс берушілер үшін де ыңғайлы.

Кәсіби даму және мансап орталығының жетекшісі Бақтыгүл Ертлеуованың айтуынша, біз түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша тұрақты жұмыс жасаймыз. Алайда жаңа цифрлық технологияларды енгізу түлектер мен жұмыс берушілердің өзара әрекеттесу процесін жеңілдетеді. Серіктес компаниялардағы ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтереді және қазіргі жағдайда жас мамандар үшін көбірек мүмкіндіктер береді.

Студенттерді тіркеу 20 мамырда басталады, сондай-ақ, жұмыс берушілер де тіркеле алады.

Тіркелу үшін осы сілтемені басыңыз: https://facultetus.kz/fairs/arsu/manage

Немесе QR кодын сканерлеңіз: