Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті үздіктер қатарында

Жұбанов университеті үздіктер қатарында

2020 жылғы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша  Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) рейтингісінде Жұбанов университеті еліміздегі ЖОО-ның ішінде  екінші жыл қатарынан 4-ші орынды иеленді.

Жоғары оқу орнының бәсекелі артықшылығының маңызды факторы – білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарықтардағы беделі. Бүгінгі таңда рейтингтер әлемдік білім беру нарығының негізгі барометрлерінің және әлеуметтік артықшылықтарды қалыптастыру құралдарының біріне айналды.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің ұлттық рейтингі қазақстандық жоғары оқу орындарына өздерінің ұстанымдарын айқындауға, білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалауға, ЖОО-ның жоғары сапалы жұмысына жәрдемдесуге және ең бастысы — білім алушыларды көптеп тартуға және жұмыс берушілер үшін тартымдылықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

2014 жылдан бастап Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізетін қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингісі маңызды критерийлер шеңберінде бағаланған Қазақстан Республикасының үздік университеттерінің тізімінен тұрады. Атап айтқанда, олардың қатарында талантты студенттер, оқытушылар және зерттеушілерді тарту,  студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық мобильділігі, түлектерді дайындау және жұмысқа орналастыру сапасы, жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі және оқытушылардың, докторанттар мен магистранттардың ғылыми жарияланымдарының бәсекеге қабілеттілігі сынды критерилер бар.

АРТА ұлттық рейтингісі қоғамға білім беру қызметтерінің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал ететін оқу орындары бәсекеге қабілеттігін арттыру құралы ретінде, тұлға ретінде қалыптасу жолында білім алушыларды бағдарлайтын басты ресурс ретінде танылған.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің мәліметіне сүйенсек, АРТА ұлттық рейтингісіне қатысуға еліміздің 89 жоғары оқу орыны өтініш берген. Алайда елдегі төтенше  жағдайға байланысты кейбір білім беру ұйымдары қажетті мәліметтерді толық ұсынбағандықтан, рейтингке қатыса алмаған. Соған қарамастан, 2020 жылы рейтингте 1939 білім беру бағдарламасы тіркелді, бұл рейтингтік зерттеуі басталған жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Айта кетейік,  Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізетін ТОП-20 жоғары оқу орындарының жалпы рейтингісі саралаудың маңызды критерийлері бойынша барлық негізгі көрсеткіштердің есебін шығару тәсілі арқылы анықталды. Көш басындағы алғашқы үштікті мамандарды даярлаудың білім беру бағдарламаларының әрбір бағыты бойынша максималды көрсеткіштерге қол жеткізген оқу орындары алды. Рейтингтің келесі орындарын ЖОО үшін басымдықты бағыттар бойынша ұсынылған, мамандарды даярлауға арналған білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілік деңгейі бағаланған білім ордалары иеленді.

Осылайша, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің көпвекторлы рейтингісі жоғары оқы орындарының түрлі салаларын қамти отырып, оларды одан әрі дамытудың әлеуеті, ресурстары және басымдықтары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға, сондай-ақ білім беру мекемелерінің беделін және танымалдығын арттыруға жол ашады. Мұның бәрі түлектерге — оқу орнын таңдаудың, ал ата-аналарға, жұмыс берушілерге және қоғамға — жоғары сенімнің іргелі факторы.