Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Хабарландырулар > Бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Жұбанов университеті төмендегі бос ваканттағы лауазымдарға конкурс жариялайды:

— Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының меңгерушісі;
— Педагогика, психология және бастауышта оқыту кафедрасының меңгерушісі.

Кәсіпорынның мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова, 34 үй.

Қызметінің негізгі мәні- кафедрада жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды ұйымдастыру, іргелі ғылыми және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыруды ұйымдастыру.
Қызметінің мақсаты – кафедрада оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық жетістіктерге қол жеткізу; жеке тұлғаның ұлттық құндылықтар негізінде дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдай жасауды ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, кемінде 5 жыл басшылық немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі болуы.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
1) Он сегіз жасқа толмаған;
2) Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Түйіндеме (қағаз нұсқасы фотосуретпен қоса);
3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек кітапшасының көшірмесі,
6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (086-нысан бойынша);
7. Жеке куәлігінің көшірмесі;
8. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
9. Наркологиялық және психикалық диспансерде тұрмайтыны туралы анықтама
10. Кафедраның даму бағдарламасы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес күн) ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Жұбанов а университеті Қызметкерлерді басқару және құжатайналым қызметі бөліміне (1 кабинет) өткізу қажет.

Байланыс телефоны: 8(7132) 55-24-68.