Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «AKEAC» оқу орталығының презентациясы

«AKEAC» оқу орталығының презентациясы

2017 жылдың 10 қазан күні Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-ң Халықаралық ынтымақтастық орталығы «АКЕАС» Education USA Advising Centers (Ақтөбе қ.) оқу орталығымен бірлесе отырып ақпараттық шара өткізді. Аталған шараның мақсаты студенттер мен оқытушыларды АҚШ-тың жоғары оқу орындарында гранттық бағдарламалар, тағылымдамадан өту, академиялық ұтқырлық бойынша 1 семестрге оқуға бару, сондай-ақ, IELTS және TOEFL халықаралық тілдік тест өткізу мерзімдері туралы хабардар ету болып табылады.  Бұл шараға университеттің барлық факультеттерінен келген студенттер мен оқытушылар қатысты. Студенттер мен оқытушылар өздерін қызықтырған тақырыпта сұрақтар қойып, АҚШ-ң жоғары оқу орындары туралы толық ақпаратқа ие болды.

AKEAC (Aktobe Educational Advising Center AKEAC) — Батыс Қазақстандағы шетелде білім беру бойынша жетекші кеңес беру орталығы болып есептеледі. AKEAC — Education USA сарапшылардың жаһандық білім беру желісінің бөлігі (Education USA Advising Centers). Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы академиялық және кәсіби алмасу бағыттарын дамытуға ықпал ететін орталық. Шараны Халықаралық ынтымақтастық орталығы ұйымдастырды.