Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > Ақтөбе облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау

Ақтөбе облысы әкімінің атаулы стипендиясын тағайындау

 

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен (№01-5/312; 21.05.2020 ж.) хаты бойынша құжаттарды тапсыру мерзімі 2020 жылдың 29 мамырына дейін ұзартылды, соған байланысты облыс әкімінің атаулы стипендиясына үміткерлер факультет деканаттарына 28.05.2020 ж. дейін төмендегі құжаттарды тапсырады:

 

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

  • Жеке куәлік көшірмесі;
  • Жеке мінездеме;
  • Үлгерімі туралы транскрипт түпнұсқасы;
  • Әлеуметтік жағдайын растайтын құжат көшірмелері (Ескерту: «аз қамтылған отбасынан» шыққан студенттер қосымша ата-анасының соңғы 6 ай бойынша жалақысы жөнінде анықтама ұсынулары тиіс);
  • Қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін соңғы 3 жылда алған мадақтаулар көшірмелері (дипломдар, алғыс хаттар, сертификаттар)

 

ІРІКТЕУ ӨЛШЕМДЕРІ:

  • Ақтөбе облысында тұрғылықты тіркеуде тұрған студенттер;
  • Оқу үлгерімі жоғары және облыстың қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысатын жоғары білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімінде ақылы негізде оқитын студенттер;
  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары;
  • Бірінші және соңғы курс студенттері қатыспайды