Жұбанов университетінің 85 жылдығына және Конфуций институтының 10 жылдығына орай «Менің қытай тілін үйрену оқиғам» атты эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 40-қа жуық шығармашылық жұмыс қатысты.
Эссе байқауының жеңімпаздары:
1 орын: Жұлдыз Демисенова «SNPS-ATK» ЖШС қызметкері (Ақтөбе қаласы);
2 орын: Сакира Артем, № 2 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы (Ақтөбе қаласы); Мөлдір Смагилаева, Шығыс-Қытай педагогикалық университетінің 4 курс студенті (Шанхай);
3 орын: Игорь Джунусов, Жұбанов университетінің 3 курс студенті (Ақтөбе қаласы); Злиха Отарова, С.Бәйішев университетінің 1 курс студенті (Ақтөбе қаласы); Аида Жолдасова Қытай мұнай университетінің 1 курс студенті, (Пекин).