Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Балаларға арналған байқау өтеді

Балаларға арналған байқау өтеді

Жұбанов университеті Бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлерінің балаларына арналған байқау жариялайды.

Қатысу үшін :

▫Балаларды қорғау күніне сурет салу;

▫Жұбанов университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық бейнефильм түсіру (би, өлең, ән және т. б.);

▫Баланың аты-жөнін көрсету;

▫87026160074 WhatsApp нөмірі арқылы 31 мамыр сағат 24:00-ге дейін жіберу қажет.

Кәсіподақ ұйымының мүшесі құрамына кіретін қызметкерлердің балаларының шығармашылық жұмыстары @profcom_arsu инстаграм  парақшасына салынады, жеңімпаздар лайктардың саны бойынша анықталады.

Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтеді!