Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Ғибрат» ғылыми қоғамы 1-курс студенттерін мүшелікке қабылдады

«Ғибрат» ғылыми қоғамы 1-курс студенттерін мүшелікке қабылдады

2017 жылдың 5  қазанында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Филология факультетінде «Ғибрат» ғылыми қоғамының ашық отырысы өтті. Отырысқа филология факультетінің 1-курс студенттері мен оқытушылар, ғылыммен айналысып жүрген жоғарғы курс студенттері қатысты. «Ғибрат» ғылыми қоғамының ашық отырысын факультеттің ғылыми жұмыстарына жауапты, ф.ғ.к., доцент Мұратбек Бағила Құрманбекқызы ашты. Студенттерді ғылыми қоғамның мүшелерімен, негізгі ережелерімен, басты мақсаттарымен таныстырды.  Филология факультетінің оқытушысы, Рhd  доктор А. С. Кушкимбаева 1-курс студенттеріне ғылым,ғылыми жұмыстардың құрылымы туралы түсінік беріп, зерттеу жұмыстарын жүргізудің негіздерін үйрету үшін арнайы тренинг жүргізді. Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы,магистр Ғ.Қ.Тұржанова академиялық ұтқырлық бағдарламасы жөнінде ақпарат беріп, шетелде оқу кезінде алған тәжірибесімен бөлісті.Сонымен қатар G-Global форматында өткен конференцияларға, өзге де халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстарға,ғылыми жобаларға   қатысып,  ғылым жолында жетістікке жетіп жүрген факультетіміздің белсенді студенттері өздерінің  ғылыми-зерттеу жүргізуде кездескен қиындықтары мен қызықтары туралы баяндады.

«Ғибрат» студенттердің ғылыми қоғамының ашық жиынына 1-курс студенттері белсенділікпен қатысып,сұрақ-жауаптар болды, өзге де ойларымен бөлісіп,ғылыми-зерттеу қоғамының мүшелігіне қабылданды.