Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Президент балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент балаларды қорғау күнімен құттықтады

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.

«Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы», — деп жазды Президент.