Среда, Апрель 17, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Сөз зергері» әдеби кеші өтті

«Сөз зергері» әдеби кеші өтті

2017 жылғы 9 қазан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Әуезов күндері» аясында тағы бір жоспарлы шара өтті. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына арналған «Сөз зергері» атты әдеби кештің ұйымдастырушылары – «қазақ филологиясы» мамандығының 201-топ студенттері, кураторы  Г.С.Обаева.

Кештің шымылдығы М.Әуезов туралы түсірілген деректі фильммен ашылды, жазушының мұрағаттағы өз даусы тыңдалды. Кеш барысында жазушының шығармашылығына кезең-кезеңмен толық шолу жасалды, шығармаларының жанрлық ерекшеліктері, қазақ драматургиясының бастауындағы жаңашылдығы, жазушылық шеберлігі, ғалымдығы, яғни фольклортану, әдебиеттанудағы салалы еңбектері,  Абайтанудағы орасан сара жолы туралы нақты мағлұматтар кештің форматына сай ықшамдалып айтылды. Мұхтар Әуезовке арналған Қ.Аманжоловтың, С.Мәуленовтың, Ж.Әбдірашевтің, Қ.Сариннің өлеңдері оқылды. Қазақ драматургиясының шымылдығын ашқан «Еңлік-Кебек» драмасынан, «Абай жолы» роман-эпопеясынан монологтар оқылды. «Қилы заман» повесінің талайлы тағдыры туралы айтылып, ол туралы видеоматериал көрсетілді. Жазушы туралы, оның шығармашылығы туралы қызықты деректер презентация барысында көрсетілді. Топ студенті Б.Асанов М.Әуезовке арнаған арнау өлеңін оқыды.