Среда, Декабрь 13, 2017
Басты > Жаңалықтар > Үздік студент — 2017

Үздік студент — 2017

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің физика-математика факультеті «Математика» мамандығының студенті Али Азамат халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы Витаутас Магнус Университетінде  білім алып жатқан болатын. Али Азамат «Elite» Кадрлық Холдингі өткізген конкурстың қорытындысы бойынша «Үздік студент — 2017» номинациясының жеңімпазы атанды.

Жыл сайын өткізілетін «Үздік студенттер» конкурсы аясында «Менің алғашқы жұмыс орным» атты жобасына түрлі елдерден, сондай-ақ таяу шет елдерден студенттер қатысты. Байқауға қатысушылардың эссесі ұлттық және халықаралық компаниялардың кәсіби жетекшілері тарапынан бағаланды. Сондай-ақ, студенттердің оқудағы үлгерімі, спорттық және қоғамдық шараларға белсенділік таныта білуі де ескерілді.

Конкурс финалистері – бұл еліміздің алтын кадр резервтері, болашақ мамандар мен кәсіпқойлар, өздерінің ынтасымен және табандылықтарымен түрлі салаларда мансап және бизнес қызметтерін дамытатын тұлғалар болып табылады. 2017 жылдың 26 қазанында Алматы қаласында жобаның соңғы кезеңі «Дарындылар Жәрмеңкесі» өтеді. Аталған шара түлектерді және жас мамандарды жұмысқа орналастыруға бағытталған. Шарада марапаттау рәсімі өтеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *