Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шылым шегуге қарсы акция

Шылым шегуге қарсы акция

Темекінің денсаулыққа зиян екені баршамызға аян. Әсіресе, бұл жат қылықтан жастарымыздың бойын аулақ ұстауға тырысуымыз керек. Осыған орай бүгін университетімізде әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті мен белсенді студенттердің ұйымдастыруымен «Шылымды тәттіге ауыстыр!» атты акция өткізілді.

Бас ғимараттың кіре беріс залында өткізілген бұл шараға көптеген студенттер жұмыла атсалысты. «Темекіден аулақпыз!» деген жастар қолтаңбаларын стендке жапсырылған ақ қағазға қою арқылы өзгелерді де осындай игі іске атсалысуға шақырды. Темекіден бас тартқан жастарға тәтті кәмпиттер ұсынылды.

Осы шараны ұйымдастырудың басы-қасында жүрген белсенді студенттер: — Бүгінгі акция өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл шараның мақсаты шылым шегетін жастарға темекінің зиян екенін ұғындырып, одан бас тартуға шақыру. Сонымен бірге шылым шекпейтіндер үшін де бұл үлгі болмақ, — дейді.

Бір қуантарлығы, акция барысында жастардың арасында темекі тартатындардың аздығы байқалды.