Среда, Апрель 17, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жастар қызығушылық танытты

Жастар қызығушылық танытты

2017 жылдың 12 қазанында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің мұнай-газ ісі кафедрасында Ашық есік күні өткізілді. Бұл шараға 1-2 курс студенттері қатысты.

Ашық есік күнінде ARSU SPE SC мұнай инженерлері қоғамы туралы компьютерлік таныстыру көрсетіліп, студенттердің сауалнамасы, жарнамалық өнімдер таныстырылды.Ашық есік күнінің аясында келген қонақтар студенттер қауымдастығының жетістіктерімен танысты. Мұнай-газ ісі мамандығының студенттері Амандық Картжанов пен Айсұлтан Сансызбай қоғамдастықтың болашағы жайында айтып, конференциялардан жинақтаған тәжірибелеріне, жеткен жетістіктеріне тоқталды.

Шара барысында студенттер сауалнамаларды толтырып, қоғамдастық жұмысына қызығушылық танытты.