Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ел мерейі — рухани жаңғыру

Ел мерейі — рухани жаңғыру

2017 жылдың 16 қазан күні Университеттің Мәжіліс залында Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Ұлы дала жастары» арнайы жобасының онлайн-семинары өтті.

Аталмыш семинарға Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Мәдени-шығармашылық секторының жетекшісі А.Қожбан,  М.Оспанов атындағы БҚМУ Жастар ісі жөніндегі бөлім жетекшісі М.Жұмағалиева, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті Тәрбие орталығының директоры С.Жалмағанбетова, Қазақ-орыс халықаралық университеті Тәрбие ісі жөніндегі проректоры М.Куписов, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Ж.Жалғасбай және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қызметкерлері қатысты.

Семинарды «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас менеджері  Хасенов Нұрлыхан Жайылқанұлы ашып, ол: «Ағымдағы жылы Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланған болатын. Оны іске асыру үшін Ақтөбе қаласында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ашылды. Жобалық кеңсенің мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру. Президенттің мақаласы аясында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр», — деп, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Ұлы дала жастары» арнайы жобасына тоқталды.

«Ұлы дала жастары» арнайы жобасының онлайн-вебинарын Республикалық жобалық кеңсе мүшесі Атыбай Болат Қожанұлы  жүргізіп, Қазақстанның әр өңіріндегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселерімен байланысқа шықты.

Ол: «Елбасының мақаласы  алды­мызға қойған мақсат-міндеттер жолында  күнделікті еңбектенуді талап етеді. Бүгінгі жаһандану үдерісі шапшаң жүріп жатқан  уақытта ұлттық тәрбие, ұлттық рухты жоғалтпау – үлкен міндет», — деп, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағадарламалық мақаласын іске асыру мақсатында «Ұлы дала жастары» жобасын дайындау, жобаны жүзеге асыру мақсаты бойынша сөз қозғады.

Сондай-ақ, Болат Қожанұлы Елба­сының мақаласында көрсетілген негізгі бағыттарды түсіндіріп, насихаттап және алға қойылған міндеттерді қалай жүзеге асыруға болатынын, әрбір адам осы мақалада өзіне қажетті тұсты таңдап, жүзеге асыру үшін іргелі іске өз үлесін қосуға ұм­тылуы қажеттігін жеткізді. Себебі, бұл – біз­дің еліміз, біздің ұлтымыз және біз­­дің бо­лашағымыз үшін қажетті бас­та­ма, қажетті құндылықтар екендігін айтты.

Жиында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Ұлы дала жастары» арнайы жобасы талқыланып, үштілділік мәселесі жайында да ой қозғалды. Сонымен қатар, сөз соңында Болат Қожанұлы Елбасы ма­қ­а­ла­сына орай өңірді, елді дамыту ба­ғы­тын­да бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Семинарға қатысушылар жобаның пайдасы мен әсері жайлы пікірімен бөлісіп, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды.