Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру бойынша конкурсты өткізу туралы

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру бойынша конкурсты өткізу туралы

Конкурстың тақырыбы: «Жоғары оқу ор­нының үздік оқы­тушысы» атағын беру.
Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақ­стан Респуб­лика­сы Білім және ғылым ми­нистрлігі.
Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орын­бор көше­сі №8, «Министрліктер үйі», 11 кіреберіс, 645 кабинет.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 742527.

Конкурс туралы ақпарат:

Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқы­тушысы» ата­ғын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Бі­лім және ғылым министрі міндетін ат­қару­шының 2015 жылғы 16 наурыздағы №124 бұйрығына өз­герістер енгізу тура­лы» Қазақстан Республикасы Білім және ғы­­лым министрінің 2016 жылғы 15 та­мыз­­дағы №502 бұйрығына сәйкес өткі­зі­леді.

Конкурсқа ЖОО-ның штаттық оқы­тушылары болып та­былатын, конкурсқа құ­жаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық ста­жы бар Қазақстан Республикасының аза­маттары қатыса ала­ды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тап­сыру мерзімі 2017 жылғы 8 қарашадан 17 қарашаға дейін.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер білім беру сала­сын­дағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсына­ды:

1) «Жоғары оқу орнының үздік оқыту­шы­сы» атағын беру конкурсына қатысуға ны­сан бойынша өтінім;

2) сапалық және сандық көрсет­кіш­терге сәйкес мәлі­мет­тер;

3) жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

4) ЖОО ғылыми кеңесінің ұсынымы;

5) жұмыс орны растаған кадрларды есеп­ке алу жөнін­дегі жеке парағы;

6) жеке куәліктің көшірмесі;

7) карточкалық базадағы 20 таңбалы ағым­дағы шоты туралы хабарлама.

Конкурсқа қатысушының дербес элек­трон­дық ме­кен-жайы тіркеуден өт­кен­нен кейін электрондық түрде құжат­тар­ды толтыру туралы мәлімет (www.edu.gov.kz) Қа­­зақ­стан Республикасы Білім және ғы­лым министр­лігі­нің сайтында орналас­ты­рылады.