Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қашықтыққа жүгіруден топ жарды

Қашықтыққа жүгіруден топ жарды

«Күзгі жүгіру» жалпы қалалық жарысында университетіміздің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы Айбек Габдуллин 10 км қашықтықта жүгіруден 35-49 жас аралығындағы қатысушылар арасынан жүлделі екінші орынды иеленді. Дәл осындай қашықтықта 16-34 жас аралығындағы жүгіруге қатысушылар арасынан университетіміздің дене шынықтыру және спорт мамандығының 1-курс студенті Айдын Шибаев топ жарып, ол да екінші орын иегері атанды.

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!