Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бүгін Рухани келісім күні

Бүгін Рухани келісім күні

Баршаңызды Рухани келісім күні мерекесімен құттықтаймыз!

18 қазан елімізде Рухани келісім күні ретінде аталып өтіледі. 1992 жылдан бері мерекеленетін атаулы күннің маңызы зор. Өйткені, 17 конфессия мен 140 ұлт өкілі тұратын еліміз үшін рухани келісім, тұрақтылық пен татулықтың орны бөлек. Рухани келісім күні — қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні. Осымен 25-ші рет елімізде аталып өтіп отырған бұл күн негізінен тәуелсіз Қазақстанның алғашқы белгілеген мерекесі.

Ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, игілікке, бірлікке үндейтін рухани келісім күні құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, кәсіптеріңізге адалдық пен береке тілейміз. Еңселі елдің болашағы баянды, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!