Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өтті

Ағымдағы жылдың 17 қазан күні университеттің Мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруыменҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері университетстуденттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Лекция вдвоем» атты акциясы аясында дәріс өткізді.

Дәрісті  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Ербол Мұратұлы Толыбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Жәнібек Босадықұлы Ормаханов және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Арман Сағынбайұлы Қоңырбаев өткізді.

Сондай-ақ дәріс барысында Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлықтың мемлекет үшін де, қоғам үшін де аса қауіпті дерт екенін атап өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының маңыздылығына тоқталды.