Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Назарбаев Университетінде оқу мүмкіндіктері

Назарбаев Университетінде оқу мүмкіндіктері

Нөлдік жылдық бағдарламаны іске асыру аясында 2017-2018 оқу жылының   магистратура/докторантура бағдарламасы бойынша 2017 жыдың 16 қазанында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік  университетінде оқытушылардың, 4-курс студенттерінің, магистранттардың, докторанттардың және «Назарбаев Университеті» АҚ-ның академиялық және кәсіби бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Л.Ш.Қарабасованың қатысуымен  семинар болды.

Бағдарламаның мақсаты университеттің магистратура / докторантура әлеуетті білім алушыларының тілдік дайындық сапасын жоғарылату және университеттің магистратура/докторантура бағдарламаларында одан әрі табысты оқу үшін қажетті ғылыми, коммуникациялық және басқа да дағдыларды дамыту болып табылады. Талаптарға сәйкес үміткерлер тиісті мамандық бойынша бакалавриат немесе магистр дәрежесіне ие болуы керек (сәйкесінше, қабылдау комиссиясы) (IELTS 5.5 тесті бойынша жалпы балл  немесе TOEFL баламасы) және болашақ магистратура/докторантура бағдарламасына байланысты басқа талаптар.

Бағдарламаға сәйкес іріктеуден сәтті өткен үміткерлер бағдарламаның барлық негізгі шығындарын қамтитын білім грантының иегері болады. Назарбаев Университетінде оқу ұзақтығы 7 ай.

Ұсынылған бағдарлама докторантурада білімін жалғастыратын магистранттар мен оқытушы-магистрлерді қызықтырды.