Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тұмаудан сақтаныңыз!

Тұмаудан сақтаныңыз!

Тұмау – жедел тыныс жолдарының инфекциялық ауруы. Жедел респираторлы вирусы инфекция тобына жатады. Тұмау жедел респираторы инфекцияға қарағанда ауырлау өтеді. Созылмалы ауруларды өршітеді (бронх демікпесі, жүрек қан тамыр аурулары, қант диабеті және тағы да басқалары).

Тұмау кезінде асқыну: пневмония, минингит, энцефалит, пиелонефрит.

Клиникалық белгісі:  қалшылдау, дене қызуының 39-40 градусқа жоғарлауы, бас ауруы, сүйек, буын, бұлшық еттерінің ауруы, құрғақ жөтел, жұтқыншақтың ауруы, мұрын арқылы дем алудың қиындауы, құсу, іш өту белгілері.

Тұмау вирусының таралу жолы: ауа тамшы жол арқылы, жөтелгенде, түкшкіргенде,  сөйлеген кезде таралуы мүмкін  және де лас қол, лас ойыншықтар, шаруашылық заттарының ластануы арқылы жұғады.

Арнайы алдын алу шаралары.

Инфекцияға қарсы аурудын алдын алу үшін тұмауға қарсы екпе алу керек. Міндетті түрде!

Екпе организмнің қорғаныш қызметін күшейтеді, ауруды болдырмайды. Екпені күз айларында, яғни 1 қазаннан бастап алған дұрыс.

Ауырған жағдайда  дер кезінде дәрігерді үйге шақыру қажет!

Жылы сұйықты, сусындарды көп ішу керек (таңқураймен шәй, бал араласқан сүт). Тамағы ауырған жағдайда тамақты жылы тұзды су ертіндісімен және фуроциллин ертіндісімен күніне бірнеше қайтара шаю керек.

Вирусқа қарсы препараттарын схема бойынша қабылдау қажет (анаферон, интерферон, виферон, ремонтадин). Мұрын қуысына оксалин майын (0,25%) жағу керек. Дене қызуы болған жағдайда Парацетамол қабылдау қажет.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеп, тұмауға  қарсы екпе алуды ұмытпаңыздар!!!

 

Емхана дәрігері, терапевт

Гумарова Әлия Аманғалиқызы