Понедельник, Апрель 6, 2020
Басты > Жаңалықтар > QS Quacquarelli Symonds Ltd. қатысуымен онлайн вебинар өтті

QS Quacquarelli Symonds Ltd. қатысуымен онлайн вебинар өтті

2017 жылдың 17 қазанында Қ.Жұбанов атындағы конференц-залында Халықаралық ынтымақтастық орталығы QS Quacquarelli Symonds Ltd., Лондон, Ұлыбритания өкілдерімен бірлесе онлайн ақпараттық вебинар өткізілді. Вебинарды өткізудің басты мақсаты QS Quacquarelli Symonds Ltd. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамын халықаралық деңгейдегі университеттер рейтингісіне енгізу жолдарымен таныстырып өту болып табылады. Аталған іс-шараға университетіміздің әкімшілігі мен факультет декандары және кафедра меңгерушілері қатысып, QS рейтингісі туралы өздері қызықтырған сұрақтарын қойды.

2004 жылы QS Quacquarelli Symonds компаниясы британдық Times Higher Education басылымымен бірлесе құрған әлемнің үздік университеттер рейтингі (QS World University Rankings). QS World University Rankings білім және ғылым саласындағы университеттердің  беделді, танымал, жаһандық рейтингі. Бұл – университеттердің стратегиялық мақсаттарын анықтайтын әлемдік көрсеткіш.